Отбасылық келіспеушіліктердегі медиация:
- отбасылық жанжалдарды шешу (неке бұзу, мүлікті бөлу, ортақ балаларға арналған қаражатты өндіріп алу, оларды тәрбиелеу және тұратын жерін анықтау және т.б.)
- ажырасу алдындағы жұбайларға кеңес беру
- некеге тұратын адамдарға кеңес беру және жұмыс жүргізу
- тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдарға психологиялық көмек көрсету
- некеге тұратын адамдарға, жас жұбайларға және жұбайларға, соның ішінде ажырасу алдындағыларға арналған тренингтер мен семинарлар өткізу
- отбасылық жанжалдардың алдын алу және ескерту, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді нығайтуға бағытталған семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізу
Еңбек қатынастарындағы медиация:
- Еңбек жанжалдарын шешу (жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы заңсыз жұмыстан шығару, басқа жұмысқа ауыстыру, жалақыны кешіктіріп төлеу, өтемақыларға қатысты мәселелер бойынша; еңбек ұжымындағы жұмыскерлер арасындағы және т.б.)
- Еңбек даулары (жанжалдары) бойынша медиативтік кеңес беру
- Ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу (еңбек қатынастарындағы жанжалдардың алдын алу және болдырмау мақсатында семинарлар, жұмыс кездесулерін өткізу арқылы)
- Еңбек заңнамасының негіздері бойынша құқықтық кеңес беру
- Ұйымдардың, кәсіпорындардың, компаниялардың еңбек ұжымдарының өкілдерін және келісім комиссияларының мүшелерін коммуникативтік дағдыларға, келіссөз процесінің техникаларына, медиативтік технологияларға және т.б. оқыту
Білім беру саласындағы медиация:
- білім беру жүйесіндегі дауларды (жанжалдарды) шешу
- білім беру ұйымдарында (мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында) татуластыру қызметін құру және жұмысын үйлестіру
- оқушылар мен білім беру жүйесінің басқа да қатысушылары арасындағы жанжалдардың алдын алу және ескерту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
- кураторлар үшін “Мектептік татуластыру қызметі” әдістемесі бойынша, бірінші басшылар үшін медиативтік құзыреттілікке, келіссөздер жүргізу және ішкі коммуникация дағдыларына үйрету бойынша оқыту семинарлары мен тренингтерін өткізу
- ата-аналар мен білім беру процесінің басқа да қатысушылары үшін психологиялық тренингтер мен семинарлар өткізу
Бизнес және кәсіпкерлік қызметтегі медиация:
- шарттық қатынастар саласындағы, бизнес серіктестер арасындағы, кәсіпкерлік қатынастар саласындағы және т.б. заңды және жеке тұлғалар арасындағы дауларды (жанжалдарды) шешу.
- коммерциялық және кәсіпкерлік саласындағы медиация мәселелері бойынша кеңес беру.
- семинарлар, жұмыс кездесулері және жеке жұмыс жүргізу арқылы коммерциялық ортадағы жанжалдардың алдын алу және болдырмау бойынша компания өкілдерімен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
- компания өкілдерін және келісім комиссияларының мүшелерін (бар болса) коммуникативтік дағдыларға, келіссөз процесінің техникаларына, медиативті технологияларға және т.б. оқыту.
Азаматтық қатынастар саласындағы медиация:
- Азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды (жанжалдарды) шешу (шарттық міндеттемелер, азаматтық мәмілелер, мұрагерлік, тұрғын үй, жер және басқа да мәселелер бойынша, ақшалай сомаларды өндіріп алу және т.б.)
- Азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы медиация мәселелері бойынша консультация беру
- Қоғамдық қатынастар саласындағы жанжалдардың алдын алу және болдырмау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу (семинарлар, жұмыс кездесулерін өткізу, БАҚ-та, теледидарда сөз сөйлеу арқылы)
- Азаматтардың жекелеген санаттарының өкілдеріне құқықтық және медиативтік көмек көрсету
- Қоғамдық және азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша әлеуметтік талдау мен мониторинг жүргізу
Банк саласындағы медиация:
- Банк қызметі саласындағы дауларды (жанжалдарды) шешу (банк қарызы шарты, ипотекалық несие бойынша)
- Банк пен банк клиенттері арасында туындаған дауларда (жанжалдарда) медиацияны қолдану мәселелері бойынша кеңес беру
- Банк мекемелерінің өкілдерімен семинарлар, жұмыс кездесулері, бірлескен іс-шаралар өткізу арқылы медиацияны қолдану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
- Банк мекемелерінің өкілдерін клиенттермен жұмыс істеу, банк қатынастары саласындағы жанжалды жағдайларды шешу кезінде медиативтік және коммуникативтік дағдыларға, келіссөз процесінің техникаларына, медиативтік технологияларға оқыту
Қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізудегі медиация:
- ҚР ҚК-нің 68-бабының 2-бөлігіне сәйкес (анықтау, алдын ала тергеу және соттардың қарауындағы кезеңдерден бастап) кіші және орташа ауыр қылмыстар, сондай-ақ ауыр қылмыстар бойынша жанжалдарды (дауларды) реттеу, сондай-ақ әкімшілік материалдар бойынша.
- тұрмыстық зорлық-зомбылықты, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алу және ескерту, қылмыстық сот ісін жүргізу саласында татуластыру рәсімдерін қолдану туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу, оның ішінде семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдерімен және халықпен жұмыс кездесулерін өткізу арқылы.
- азаматтарға заңды және медиативтік көмек көрсету, оның ішінде заң мәселелері және медиация мәселелері бойынша кеңес беру, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған кәмелетке толмаған жасөспірімдерге психологиялық көмек көрсету.
- құқық қорғау органдарының басшылары, учаскелік инспекторлар, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар және басқа да мемлекеттік органдар мен мекемелердің, оның ішінде қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері үшін: медиацияның базалық дағдылары, медиативтік технологиялар, коммуникативтік дағдылар және келіссөз процесі бойынша тренингтер өткізу.
Денсаулық сақтау саласындағы медиация:
- Медициналық қызмет көрсету саласындағы дауларды (жанжалдарды) шешу (медицина қызметкерлері мен пациенттер арасында медициналық қызмет көрсетуге байланысты, соның ішінде: дәрігер-дәрігер, дәрігер-пациент, МҰҚ-пациент, МҰҚ – сыртқы ұйымдар және т.б., даулы жағдайлардың деструктивті дамуымен байланысты)
- Медициналық қызмет көрсету саласындағы медиация мәселелері бойынша консультация беру
- Денсаулық сақтау саласындағы жанжалдық жағдайлардың алдын алу және болдырмау, медицина саласындағы дауларды реттеуде медиацияны қолдану бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, семинарлар, жұмыс кездесулерін өткізу арқылы;
- Медициналық қызмет көрсету саласындағы (ауруханалар, емханалар және т.б.) медиация қызметін құру және оның жұмысын үйлестіру
- Медициналық мекемелердегі бірінші басшылары мен татуласу қызметтерінің кураторлары үшін медиативті құзыреттілікті, келіссөз процесі дағдыларын және мекеме ішіндегі ішкі коммуникацияны оқыту бойынша оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу
Этносаралық және дінаралық қатынастар саласындағы медиация:
- Этносаралық және дінаралық қатынастар саласындағы жанжалдарды (дауларды) реттеу
- Этносаралық және дінаралық қатынастар саласындағы жанжалды жағдайлардың алдын алу және профилактикасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, оның ішінде семинарлар, кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізу арқылы
- Азаматтардың жекелеген санаттарына, соның ішінде этномәдени бірлестіктер мен дін қызметкерлері қауымының өкілдеріне құқықтық және медиативтік көмек көрсету
- Этносаралық және дінаралық қатынастар саласындағы отбасылық мәселелер бойынша кеңес беру және психологиялық көмек көрсету
- Этномәдени ұйымдардың және дін қызметкерлері қауымының мүшелерін тренингтер өткізу арқылы қоғамдық және кәсіби медиаторлар ретінде оқыту
- Этномәдени бірлестіктерде, дін қызметкерлері қауымдарында және діни-білім беру мекемелерінде медиация қызметін құру және оның жұмысын үйлестіру, олардың өкілдері тарапынан өз қызмет салаларында туындайтын жанжалдар мен дауларды шешу кезінде медиативтік көмек көрсету үшін
Медиация кезіндегі мәжбүрлеп орындату сатысы
- Атқарушылық іс жүргізу сатысындағы дауларды (жанжалдарды) реттеу (алимент, залал өтеу, шарттық және борыштық міндеттемелер және т.б. бойынша)
- Заңды күшіне енген сот үкімдері бойынша залал өтеу туралы дауларды (жанжалдарды) реттеу, оның ішінде атқарушылық құжаттар бойынша, егер тараптардың бірі бас бостандығынан айырылған адамдар болса.