«PACTUM» медиация және келіссөздер орталығы» қоғамдық бірлестігінің қызмет мақсаты – медиаторлардың медиация жүргізу бойынша қызметтерінің материалдық, ұйымдық-құқықтық және өзге де жағдайларын қамтамасыз ету, азаматтарға заңгерлік және психологиялық көмек көрсету, медиация қызметтерін көрсету сапасын бақылау, медиаторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, азаматтардың білім деңгейін арттыруға, медиация саласында оқыту мен консалтингке бағытталған түрлі іс-шаралар өткізу, жанжалдарды шешу, халыққа мемлекеттік қызмет көрсететін салада азаматтар мен мемлекеттік құралдардың өзара іс-қимылы, адам құқықтарының мониторингі, әлеуметтік процестерді ғылыми-зерттеу, талдамалық сүйемелдеу саласында коммерциялық емес сипаттағы әлеуметтік-мәдени функцияларды жүзеге асыру.
«PACTUM» Медиация және келіссөздер орталығының ең басты құндылығы – біздің кәсіби әрекет ететін ұйым ретіндегі абыройымыз:
- қызметтерімізді сапалы әрі жауапкершілікпен ұсынамыз
- әділміз: барлық клиенттеріміз бірдей мүмкіндіктерге қол жеткізеді
- тәуелсізбіз: біздің медиаторларымыз ешкімге тәуелді емес және сыртқы ықпалдан азат
Біздің арманымыз:
- Қазақстандағы әрбір адам, әрбір отбасы, әрбір бала бейбітшілікте, үйлесімде, келісімде және қуанышта өмір сүрсе екен.
- Қазақстанда дауларды баламалы реттеу және медиация мәдениетін әлемдік үздік стандарттар деңгейінде ендіру.
Біздің мақсатымыз:
- Қазақстанда медиацияны қолдану мәдениетінің дамуына жағдай жасау
- Медиация мен басқа да АРС әдістерін оқыту жүйесін қалыптастыру
- Тәуелсіз медиаторлардың тиімді ұжымын қалыптастыру