«Медиатор» мамандығы

Медиатор – ҚР «Медиация туралы» Заңының талаптарына сәйкес, медиацияны кәсіби негіздемеде немесе қоғамдық бастамада жүргізу үшін тараптар тартатын тәуелсіз жеке тұлға.

Медиатордың құқықтары мен міндеттері

  1. Медиатордың құқығы бар:
  2. медиация барысында барлық тараптармен бірге, сондай-ақ әр тараппен жеке кездесулер өткізуге және медиацияны жүргізу үшін қажетті және жеткілікті көлемде тараптардан дау (конфликт) туралы ақпарат алуға;
  3. құпиялылық қағидатын сақтай отырып, өз қызметі туралы (саны, ұзақтығы, тиімділігі) қоғамды ақпараттандыруға;
  4. оның пікірінше, медиацияны жүргізу процесіндегі одан әрі күш-жігер тараптар арасындағы дауды (конфликтіні) шешуге әкелмейтін болса, медиация жүргізуден бас тартуға, немесе тараптардың жазбаша нығайтылған келісімімен медиацияны тоқтатуға.
  • Медиатор міндетті:
  • медиацияны жүргізу кезінде тек медиация тараптарының келісімімен әрекет етуге;
  • медиация басталмас бұрын медиация тараптарына оның мақсаттары мен принциптерін, жүргізу тәртібін, тараптардың және медиатордың құқықтары мен міндеттерін, медиация тәртібімен дауды (қақтығысты) реттеу туралы келісімнің жасалуының тәртібі мен құқықтық салдарын түсіндіруге;
  • талқыланып жатқан мәселелер бойынша тараптардың құжаттармен, мәліметтермен және хабарламалармен бірізді алмасуына жәрдемдесуге;
  • медиация тараптарын өзінің кәсіби тәжірибесі мен құзыреті туралы хабардар етуге;
  • медиатордың жеке мүдделері мен оның міндеттері арасында медиацияны жүргізу кезінде оның бейтараптығына және тәуелсіздігіне әсер етуі мүмкін қайшылық болған жағдайда, сондай-ақ оның қатысуын болдырмайтын немесе оның қатысуын тоқтатуды талап ететін басқа да жағдайларда медиацияны тоқтатуға;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін ережелер бойынша медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша кәсіби деңгейін тұрақты түрде арттыруға. Медиатор тараптардың ешқайсысына заңдық, консультациялық немесе басқа да көмек көрсетуге құқылы емес. Медиатордың сондай-ақ басқа да құқықтары мен міндеттері бар және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершілікті көтереді.

Медиатордың негізгі функциялары мен міндеттері:

  • келіссөздер процесін ұйымдастырады (мақсаттарды, тараптардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді)
  • әр тараптың пікірін тыңдайды (жеке және бірлескен кездесулер)
  • жағдайды сенімге емес, сұрақтар арқылы зерттейді
  • кеңес бермейді және ақпаратты басқа тарапқа бермейді
  • медиация процесін бақылайды (кәсіби технологиялар мен әдістемелерді қолданады)
  • тараптарға даудың баламалы шешімін табуға көмектеседі
  • ұсынылған шешім нұсқаларын шынайылығын талдайды (тексереді)