«Еңбек заңнамасының негіздері және келісу комиссиясының еңбек дауларын шешуде консенсусқа жетудегі келіссөз жүргізу дағдылары», келісу комиссиясы мүшелерін даярлауға арналған семинар/тренинг.
Еңбек кодексінің 159-бабына сәйкес, «келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келіссөз жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа жету бойынша жыл сайынғы оқудан өтуге міндетті.
Оқу курсының мақсаттары:
- қатысушыларды конфликтінің объектісін, пәнін, шекараларын, функцияларын, динамикасын, кезеңдерін және деңгейлерін; конфликтік жағдайдағы мінез-құлық стилдерін, стратегиялары мен тактикаларын түсінуге бағыттау;
- қатысушыларды ҚР «Еңбек мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен таныстыру;
- қатысушылармен жеке еңбек дауларын қарау кезінде келісу комиссиясының жұмысына қатысты Еңбек кодексінің ережелерін талқылау;
- қатысушыларды келіссөз процесінің техникаларын қолдану арқылы еңбек қатынастарындағы конфликтік/даулы жағдайларды тиімді шешу құралдарымен таныстыру;
- тараптармен табысты келіссөз жүргізуге қажетті практикалық құралдарды алу, келіссөз жүргізу форматтары, стратегиялары, стильдері, келіссөздердің табысты болуына әсер ететін факторлар туралы білу, келіссөз жүргізу кезіндегі қиындықтарды болжай білу және оларды еңсеру жолдарымен танысу;
- тиімді қарым-қатынас орнату және өзара қарым-қатынасты реттеу үшін коммуникативтік дағдылар мен эмоционалдық интеллектті меңгеру.
Оқу бағдарламасы 3 модульден тұрады:
- Еңбек заңнамасына шолу
- Еңбек дауларын шешудегі келіссөздер және медиативті технологиялар
- Жеке еңбек дауларын/келіспеушіліктерін қарау бойынша практикалық сабақтар, қорытынды құжаттарды жасаумен бірге.
Өткізу форматы: онлайн және офлайн, сағат 09:00-17:00 аралығында.
Корпоративтік тренингтер:
Біздің Орталық компанияның салалық ерекшеліктері мен ішкі міндеттерін ескере отырып, корпоративтік тренингтер өткізеді.
Оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:
- Компанияларда стратегиялық сессияларды дайындау және өткізу тәртібі
- Дауларды/келіспеушіліктерді шешудегі медиативті технологиялар
- Басшыларға арналған коммуникативті дағдылар және медиативті құзыреттіліктер
- Тиімді келіссөздер
- Команда құру тренингтері (тимбилдинг)
Бағдарламаны құру, өткізу форматы – тапсырыс берушімен келісім бойынша жеке түрде жүзеге асырылады.
Подать заявку на обучение