Медиациялық қызметтер: жеке кеңес беру, азаматтық, корпоративтік, коммерциялық, еңбек, отбасылық және басқа да даулар мен жанжалдарды медиация арқылы шешу.
Орталықта жоғары білікті медиаторлар жұмыс істейді, олар отбасылық кикілжіңнен бастап экономикалық саладағы күрделі көпжақты жанжалдарға дейінгі кез келген дауды шеше алады.
Медиациялық сүйемелдеу: корпорациялар мен компанияларда дауларды алдын алу және шешудің кешенді жүйесін құру:
- дауларды/жанжалдарды сотқа дейін реттеу бойынша жобалар мен мәмілелерді сүйемелдеу;
- бірегей авторлық бағдарламалар бойынша ашық және корпоративтік бизнес-тренингтер өткізу;
- медиация және ДБШ мәселелерімен айналысатын жетекші отандық және шетелдік ұйымдармен, қауымдастықтармен, корпорациялармен ынтымақтастық;
Медиацияны насихаттау және дамыту: Орталықтың қызметінің негізгі бағыты болып табылады:
- медиацияны қазақстандық құқықтық жүйеге интеграциялау;
- Орталықтың ғылыми-әдістемелік және практикалық әзірлемелері негізінде өңірлерде медиация орталықтарын құруға жәрдемдесу;
- медиациялық қызметтер көрсетудің жоғары деңгейдегі стандарттарын қалыптастыруға ғылыми-әдістемелік қолдау көрсету.
Кәсіби медиаторларды даярлау. Әлемдік тәжірибені зерттеу негізінде Орталық кәсіби медиаторларды даярлау бағдарламаларын әзірледі, олар қорытынды аттестациямен аяқталады. Орталықтың бағдарламалары еліміздің құқықтық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескереді және Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бекіткен 2023 жылғы 14 маусымдағы № 244 талаптарына сәйкес келеді.
Өздерінің негізгі миссиясын жүзеге асыру аясында Орталық құқық және бизнес қауымдастықтарының өкілдерін дауларды шешудің баламалы тәсілдері және медиация туралы ақпараттандыру және ағарту бойынша үлкен жұмыс жүргізеді, сондай-ақ елімізде сапалы медиациялық қызметтерді қамтамасыз ету үшін жағдай жасайды. Орталық ғылыми-практикалық конференциялар, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер мен семинарлар ұйымдастырады және өткізеді.